Негізгі бет
 
 


  

 

  


 
 
 
 
Галерея

 
 
 
 
Хабарландыру

Отырар ауданы Қарғалы ауыл округі Қарғалы елді мекенінің ауыз су құбырларын тарту құрылысының жобалау-сметалық құжаттарына экологиялық қорытынды беру үшін ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына осы жұмыстардың жобасы ұсынылғанын хабарлаймын.

Отырар аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығы Р.Бекқұлы

 

 
Хабарландыру

Отырар ауданы Қоғам ауыл округі Талапты елді мекенінің ауыз су құбырларын тарту құрылысының жобалау-сметалық құжаттарына экологиялық қорытынды беру үшін ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына осы жұмыстардың жобасы ұсынылғанын хабарлаймын.

Отырар аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығы Р.Бекқұлы

 
Аудан әкімі Б.Сыздықовтың кіріспе сөзі

Қадірлі  www.оtraraimak.kz сайтының  пайдаланушылары !

 Сіздерді Отырар ауданы сайтының тұрақты түрде ашылуымен шын жүректен құттықтаймын ! Ауданымыз 1935 жылы құрылған. Бұл күндері біздің өңірде 57676 халық тұрады. Олардың экономикалық белсенді топтары тату-тәтті, бірлік пен ынтымақты ту етіп, тәуелсіз еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етуде. Отырар тарихы біздер үшін ерекше. Отырарлықтар өз тарихын, онымен терең сабақтас бүгінгі Отырардың даму үстіндегі тарихын ерекше құрмет тұтады.
Біздің Ұлы қаламыз – Отырар туралы баба тарихымыз енді-енді тіл қата бастады. Қадым заманнан қалған көне ескерткіштер, құм астында көміліп қалған қала орындары мен бүкіл түркі дүниесінің алтын қазыналары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен  дүниеге келген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында ежелгі Отырар тарихы туралы сыр шерте бастаса, облыс әкімдігі мен мәслихаты Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі бағдарламасының нәтижесінде ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру міндеттері де жалғасын табуда.

 

Жалғасы...
 
Көп мәселенің түйіні қаржыға тіреліп тұр

Өткен аптада облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов ауданымызға арнайы іссапармен келіп кетті. Әрине облыс әкімінің орынбасары жәй келген жоқ, ауданымызда бірнеше ауыл шаруашылық нысандарын аралаған ол ауыз су мәселесімен қатар, өңірімізде «Жол картасы» бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен де етене танысып, көңіліне бірқатар мәселелерді түйіп кеткендігі анық. Іссапармен Шілік ауыл округінен бастаған Б.Оспанов осындағы жұмыс жасай бастағанына көп уақыт бола қоймаған тұқымбақты аралап, атқарылып жатқан жұмыстарға өзінің оң бағасын берді. Шындығында декоративтік және түрлі жеміс ағаштарымен қатар, жүзім көшеттерін өсірумен айналысып жатқан питомниктің ауданымызға берер пайдасы көп. Бұл шаруа сондай-ақ, үкіметіміздің «Жасыл ел» бағдарламасына сай атқарылып жатқан тірлік екендігін айта кеткеніміз абзал. Мұнан соң аталмыш ауылдағы «Жол картасы» бойынша күрделі жөндеуден өтіп жатқан М.Шаханов атындағы орта мектебінде болған облыс әкімінің орынбасары құрылысы санаулы күнде аяқталатын мектепті аралап, құрылыстың сапалы әрі мерзімінен бұрын аяқталып жатқандығына жылы ықылас білдірді.

Жалғасы...
 
Әкім алғашқы іссапарын қожатоғайдан бастады.

Аудан әкімі Б.Сыздықов алғашқы іссапарын алыстағы Қожатоғай ауыл округінен бастады. Аудан басшысы іссапар барысында ең алдымен ауыл округінен шалғайдағы Дарбаза елді мекенінде болып, осындағы Құттыбеков атындағы бастауыш мектеп пен медициналық пункттің ағымдағы жөндеу жұмыстарымен жете танысты. Сондай-ақ осы күні Бұлақ елді мекеніндегі медпункттің де жөндеу жұмыстарын көріп, ауыз су және бидай егістігін суландыру мәселелерінде шешімін күтіп тұрған бірқатар өзекті мәселелердің бар екендігіне көз жеткізді.
Аудан басшысы Байтоғай ауылында болғанда 200 гектар суармалы жерді игеру үшін 2 дана электронасос қажет екендігіне назар аударды және елді мекендер арасындағы автокөлік жолдарын жөндеуге де ауыл әкімінің мүдделі болуы тиіс екендігін ескертті. Сол сияқты осындағы электр жүйелерін тиімді пайдалану керектігін де назарға салды.

Жалғасы...
 
АУДАНҒА ЖАҢА ӘКІМ КЕЛДІ

Шілде айының 27 күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXII сессиясы болып, сессияны төраға, депутат Е.Жабатай ашып жүргізіп отырды. Сессияға облыс әкімі А.Мырзахметов қатысып, аудан әкімі лауазымынан үміткер Бейбіт Шалдарұлы Сыздықовты көпшілікке таныстырды.  Облыс басшысы Бейбіт Сыздықовтың осы ауданның азаматы екенін, бұрын осы ауданда қызмет істегенін, нарықтық экономикадан жан-жақты хабары бар тәжірибелі маман екенін айта келіп, облыс әкімдігінің, аудандық мәслихат депутаттарының сенімімен шығуға тиістілігін тілге тиек етті. Сессияда сессияда депутаттар Б.Нарбекова, П.Шынпейіс облыс әкімінің ұсынысын қолдай отырып, «су жаңа» әкім – Бейбіт Сыздықовқа деген оң пікірлерін білдірді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Бейбіт Сыздықовты Отырар ауданының әкімі етіп тағайындады.

***

Мұнан соң облыс басшысы аудан зиялы қауым өкілдерімен және аудан активімен де кездесіп, жаңадан тағайындалған аудан әкімін таныстырды және ең бастысы елдің сенімімен шығуға тілектестік білдіріп, жаңа міндеттер жүктеді.

Жалғасы...
 
Түркия-Отырар мәдени қарым қатынастары дами түседі

Елбасымыздың дана саясатының арқасында Қазақ-түрік қатынастары мен ынтымақтастығы жыл сайын жақсарып,дамып келеді.Қазір экономика,мәдениет,білім салаларында бірлескен жобаларымыз көп. Тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев айтқандай біздің халықтарымыз-әрі терезесі тең ықпалдастар, әрі тегі мен түбі бір ағайындар.Олардың арасындағы мызғымас достықты қазақстандықтар әрдайым қадірлеп,мақтан тұтады.Десе дегендей-ақ жақында Отырар ауданының әкімі Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы арнайы шақырумен Түркия Республикасына барып қайтқан болатын.Осыған орай аудан басшысымен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

Жалғасы...
 
Жаңа атаққа Президент лайық

Жаңадан бекітілген «Қазақстан еңбек ері» деген жоғары атақты бірінші болып алуға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев лайық.
Бұл пікірді Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт жоғарғы палатаның жалпы отырысында білдірді. «Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманғы Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалап, халқымызды өркениетті дамудың айқын жолына бастаған ұлт көшбасшысы. Елбасының қажырлы еңбегінің және сындарлы саясатының арқасында біздің мемлекетіміздің беделі биік. Адамзатқа ортақ проблемаларды шешуге қосқан үлесімізді көпшілік мойындады. Бүгінде дүниежүзі елімізді танып, біліп қана қоймай, пікірімізбен санасады, барлық ірі мемлекеттер Қазақстанды құрметтейді», - деді Қасым Жомарт Тоқаев. Әрине, бұл марапатты алу немесе алмау туралы шешімді Елбасының өзі қабылдайды. Бірақ сенат депутаттары бұл мәртебелі атаққа ең алдымен Президент Нұрсұлтан Назарбаев лайық екенін толық қолдады.

Жалғасы...
 
Отырар халықаралық туризм ордасына айналады

Қазақ тарихында ғана емес, әлемдік жылнамада «Отырар өркениеті» атауымен қалған ежелгі Отырар қаласы – еліміздің туризм саласында жауһар қазынасы. Осыдан үш-төрт жыл бұрын Үрімжідегі «Шыңжаң» қазақ газетінің шақыруымен Аспанасты еліне жолымыз түскенде Тұрфан қаласының орнында болдық.
Қозыкөш жерді алып жатқан ежелгі Тұрфан мемлекет тарапынан керемет консервациядан өткен өзіндік сәулет өнерімен саяхатшы біткенді магниттей тартады. Қытай адамға бай елдесек те осында қас қарайғанша келіп жатқан шетелдік туристерде есеп жоқ.
Туризм-мемлекеті әлемге мәшһүр қылудан бөлек көлкөсір табыс көзі. Көлемі жағынан Қазақстаннан әлденеше есе кіші Франция мемлекетіне жыл сайын 72 млн. астам турист келеді екен. Болашақта Қазақстанда да туризмді өрістетер Отырар сияқты мемлекет мол қаржы салып жатқан көне қалалар бар. Осы мәселеге байланысты Отырар ауданының әкімі Әлімжан Құртаевқа сауал қойған болатынбыз.

Жалғасы...
 
«Маңызы зор мереке» салтанатпен аталып өтті

Өткен аптаның жұма күні әл-Фараби атындағы Мәдениет сарайында әрбір қазақ үшін маңызы зор мереке – Республика күні салтанатпен аталып өтті. Егемен еліміздің Әнұранмен басталған салтанатты жиында аудан әкімі Ә.Құртаев осыдан 18 жыл бұрын, 1990 жылдың 15 қазаны күні Қазақстан Егемендігін ресми түрде жариялаған Декларацияның маңызы жөнінде жан-жақты айта келіп, одан бергі кезеңде еліміздің қол жеткізген асқаралы асуларына тоқталды. Әлбетте, бұл орайда өткен мерзімдердегі ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық салаларындағы жетістіктер де айтылмай қалған жоқ...

Жалғасы...
 
Жерлесіміз «Алтын жүрек» иегері

Жуырда редакциямызға ақжолтай жылы хабар жетіп, онда мейірімді жүректі жерлесіміз, ауданымыздың құрметті азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты Серікжан Сейіжанұлының жылда өтетін халықаралық Ұлттық «Алтын жүрек» жобасына қатысып, лауреат атанғандығы жөнінде айтылыпты.
Аталмыш жаңымды жаңалықта: « ... Алтын жүрек» жүлдесінің лауреаты атану Сіздің жетістіктеріңізді нығайтады» деп айрықша аталып көрсетілген.

Жалғасы...
 
 
 
 
 
Жаңалықтар күнтізбесі
 
« 04 Қыркүйек 10 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930     
Валюта бағамы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Пікіртерім
Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?

Мемлекеттік рәміздер

   

 

Елтаңба

   

 

Ту

   

 

Әнұран

Жаңалықтар таспасы
Кто на сайте?

 
 
 
© 2010 Отрар ауданы әкімдігінің ресми сайты